2019 жылы 16-20 қыркүйек
Вена қаласы, Аустрия
2019 жылдың 16-20 қыркүйегі аралығында Вена қаласында (Аустрия) халықаралық атом энергиясы бойынша агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясының жыл сайынғы 63-ші сессиясына ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев бастаған қазақстандық делегацияның қатысуы жоспарлануда. Қазақстандық делегацияның құрамына ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ өкілдері кіреді.
АЭХА Бас конференциясы атом саласындағы стратегиялық мәселелерді талқылау үшін бірегей алаң болып табылады, оның жұмысына жыл сайын Агенттіктің 135-тен астам мүше-мемлекеттерінен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан 2000-нан астам өкілдер қатысады.
Бас конференция барысында ҚР Энергетика министрінің баяндамасымен сөз сөйлеуі жоспарлануда.
Сонымен қатар, Бас конференция аясында Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы және Америка Құрама Штаттары өкілдерімен, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау үшін АЭХА Бас директорының міндетін атқарушы Корнел Феруцэмен екіжақты кездесулер өткізу жоспарлануда.
(фото взято из сайта МИА "Казинформ")
ҚР Энергетика министрлігінің
Ақпарат және коммуникациялар басқармасы