Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша күзгі аукциондық сауда-саттық басталды

2019 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық басталды. Ағымдағы жылы аукциондар жиынтық белгіленген қуаты 5 МВт ГЭС жобаларын іріктеуден басталды.

Аукцион өтті деп танылды. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға үш компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 өтінім берді, жобалардың жекеленген қуаты 4,5 МВт және 2,5 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 7 МВт құрады. 2019 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 15,43 – 15,48 тг/кВтсағ құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды.
• «Шет-Мерке-Energo» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 2,5 МВт, аукциондық бағасы 15,43 теңге/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
• «Жетісу Жер АБС» ЖШС–жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық бағасы 15,48 теңге/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, бейінді қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттық бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы- «КОРЭМ» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
10 МВт ГЭС түрі бойынша келесі аукцион 17.09.2019 ж. күніне белгіленді.

Анықтама ретiнде:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2019 жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 80 МВт;
- жел электр станциялары - 100 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;
- биоэлектр станциялары – 10 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы ретінде «КОРЭМ» АҚ анықталды.

Дата публикации
16 сентября 2019
Дата обновления
16 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы