Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін 2019 жылға арналған дизель отынының құны мен көлемдері туралы

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін 2019 жылға арналған дизель отынының құны мен көлемдері туралы
17 қыркүйек 2019 ж. Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың қатысуымен қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынымен қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясы өтті.
Естеріңізге саламыз, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) қажетті мұнай өнімдерінің көлемін анықтап, ҚР Энергетика министрлігіне егін егу-жинау жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-ге дизельдік отынды жеткізу көлемі туралы ұсыныстарды енгізеді.
2019 жылы егін егу-жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарына 380,0 мың тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына 395,0 мың тонна бөлді. Көктемгі егіс жұмыстарының графигі 96,4%-ке орындалды, жоспарлы 380,0 мың тоннадан 366,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша орындалу 65,4% - ды құрайды, жоспарлы 395,0 мың тоннадан 258,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді, оның ішінде:
- шілде айында 94,7%, жоспарлы 116,2 мың тоннадан 110,1 мың тонна тиеп-жөнелтілді;
- тамыз айында 87,7%, жоспарлы 128,8 мың тоннадан 113,0 мың тонна тиеп-жөнелтілді (Жоспарлы көлемді толық жеткізбеу кеш төлемге, тиеп-жөнелту сатысындағы көлемдерге немесе жолдағы көлемдерге байланысты, бұл ретте айдың қорытындысы бойынша орындалу пайызы жоғары болады);
- қыркүйек айында 27,0%, жоспарлы 130,4 мың тоннадан 35,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді;
- қазан айында график бойынша 19,6 мың тонна тиеп-жөнелту жоспарлануда.
2019 жылғы көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде дизель отынының ұсынылатын бағасы 193 мың теңге/тоннаны(160 теңге/литр), ал күзгі егін жинау жұмыстары кезеңінде 198 мың теңге/тоннаны (164 теңге/литр) (ҚҚС қоса алғанда) (FCA – тиеу станциясы шарттарында (МӨЗ)құрады. ҚР Энергетика министрлігінде АШТӨ үшін дизель отынының арзандатылған бағасын заңнамалық бекіту құзыреті жоқ екенін атап өткен жөн.
Ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін дизель отынының арзандатылған құны ЖЖМ нарығына қатысушылармен келісім арқылы анықталады және оны мұнай өнімдері ресурс ұстаушыларының өздері өз еркімен белгілейді.
АШТӨ үшін МӨЗ-дерден дизель отынын тиеп-жөнелту басым негізде жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Бұл ретте тиеп-жөнелтуді бақылау мен мониторинг тәулік сайынғы негізде жүзеге асырылады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
18 сентября 2019
Дата обновления
18 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы