Меню

Страницы

Статья

Қазақстанның энергетика министрі АЭХА Бас конференциясының 63-ші сессия алаңында бірқатар кездесулер өткізді

2019 жылдың 16-20 қыркүйегі аралығында Венада (Аустрия) Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің (АЭХА) Бас конференциясының жыл сайынғы 63-ші сессиясына ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация қатысуда.

Аталған іс-шара алаңында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев Үндістанның Атом энергиясы жөніндегі комиссариатымен кездесті. Қ. Бозымбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы атом саласындағы ұзақ мерзімді және табысты стратегиялық ынтымақтастықты ескере отырып, қазақстандық тарап Үндістанның Атом энергиясы департаментімен уран жеткізу бойынша жаңа келісімшарттарға қол қоюға дайын екендігін атап өтті. Тараптар атом саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласты.
Сонымен қатар, Қ. Бозымбаев Венгрияның Сыртқы істер министрімен кездесті. Тараптар MOL GROUP компаниясының (мемлекеттің қатысу үлесі басым венгриялық мұнай-газ компаниясы) Қазақстандағы қызметі мен болашақ инвестициялық жобаларын талқылады. Соңғы 10 жылда MOL компаниясы Қазақстанға 200 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялады, бұл оның Қазақстан мен Венгрия арасындағы сауда қатынастарының аса маңызды қатысушыларының бірі етеді. Венгрия үкіметі Қазақстандағы MOL компаниясының қызметін қолдайды. Тараптар MOL тобы мен ҚМГ, сондай-ақ екі елдің үкіметтері арасындағы ынтымақтастықтың алдағы мүмкіндіктерін талқылады.

ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев «Росатом» мемлекеттік корпорациясының өкілдерімен кездесті. Тараптар ВОУ-НОУ («Росатом» МК) келісімінің орындалуын, сондай-ақ 2018-2020 жылдары ҚР-да уран өндіруді азайту бойынша қабылданған шаралардан алынған нәтижелерді талқылады, бұл нарықтағы уран бағасына оң әсер етті. Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсібі 2021 жылы Қазақстанда барлық БК өндірісінің 20%-ға төмендеуін сақтау жөнінде бастама жасады.
ҚХР атом энергиясы Агенттігінің төрағасымен кездесуде ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Қ. Бозымбаев Қытай мен Қазақстан атом саласындағы ынтымақтастығының көп жылдық тәжірибесі бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің компаниялары бүгін ҚХР-ға отын таблеткаларын жеткізуде және Қазақстанда ҚХР АЭС үшін ядролық отын өндіру зауытын бірлесіп салуда ынтымақтасады. ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев Қытай атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық өнімнің экспорттық көлемін сатып алу туралы қытай тарапының ұсынысын қолдады. Тараптар уран жеткізілімдерін ұлғайтуды және келесі жылы Қазатомпром кәсіпорындары қытайлық АЭС үшін отын таблеткаларын жеткізе бастауды талқылады. Бірлескен жұмыс тобының басшыларын вице-министрлер деңгейіне дейін көтеру туралы келісімге қол жеткізілді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
18 сентября 2019
Дата обновления
18 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы