Меню

Страницы

Статья

ПРЕСС-РЕЛИЗ «ЭНЕРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ 2019-2020жж. КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ»

 19 қыркүйек 2019 жыл                                                                                          Нұр-сұлтан қ.
 
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің баспасөз орталығыда 2019-2020жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы баспасөз конференциясы өтті.

Шараға энергетика Вице-министрі Есімханов Сұңғат Қуатұлы қатысты.

Алдағы күзгі-қысқы кезеңде ел тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үшін Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2019 жылға арналып бекітілген кестесіне сәйкес 11-ден 5 энергоблоктың жөндеуі аяқталды, бұл жылдық жоспардың 45% - ын құрайды, 63 қазандықтың 40-ы, бұл жылдық жоспардың 63% - ын құрайды, 46 турбинаның, бұл жылдық жоспардың 50 % құрайды. Әр түрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 28 қазандықта, 18 турбинада жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы күнге электр беру желілері бойынша 21 мың км электр беру желілерін жөндеуі орындалды, бұл жыл жоспарының 84% - ын құрайды және 1152 қосалқы станциялары, бұл жыл жоспарының 92% - ын құрайды және 2966 РП, ТП, КТП, бұл жыл жоспарының 83% - ын құрайды.

Сонымен қатар, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағындағы 459 қазандықтың 428-і жөнделді, бұл жоспардың 93% - ын құрайды.

Жалпы жөндеу жұмыстарын орындау кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Электр станцияларының отын қоймаларында жалпы 4 млн. тонна көмір және 101,9 мың тонна мазут жинақталған, бұл жалпы нормативтік қорына сәйкес келеді.

Энергия кәсіпорындарының отынды сатып алуы жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі. Отынды жеткізу кесте бойынша жүзеге асырылуда.

 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

тел.: 78-68-83

Дата публикации
19 сентября 2019
Дата обновления
19 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы