Меню

Страницы

Статья

БІРЕГЕЙ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ФОРУМ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

                  2019 жылғы 20 қыркүйек                                        Қазақстан, Атырау, Ренессанс Қонақ Үйі

        Атырау, 2019 жылғы 20 қыркүйек – ҚР Энергетика министрлігі мен «PSA» ЖШС (бұдан әрі - PSA) бастамасымен Қазақстандағы ірі мұнай - газ жобалары операторларының – «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі - ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (бұдан әрі-НКОК) және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (бұдан әрі-КПО) қатысуымен «Бірегей жабдықтар өндірісін оқшаулау» (OEM) атты дөңгелек үстел өтті. «Бірегей жабдықтар өндірісін оқшаулау» дөңгелек үстел отырысына 30-дан астам бірегей жабдық өндірушілер және еліміздің әр аймағынан 40-тан астам компания шақырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты OEM-мұнай-газ саласындағы өнімге деген жоғары және тұрақты сұранысқа байланысты Қазақстан Республикасында OEM-тауарлар мен OEM-жабдықтарды оқшаулау арқылы машина жасаудың қазақстандық нарығының өсуі мен дамуына жәрдемдесу болып табылады. Бірегей жабдықтар өндірісін оқшаулау жөніндегі дөңгелек үстел (OEM) қазақстандық және халықаралық өндірушілердің бір алаңда ірі мұнай-газ жобаларының қажеттіліктері туралы ақпарат алмасу, OEM-тауарлар мен OEM-жабдықтарды оқшаулау және осы секторды Қазақстанда дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу үшін жабдықтарды біріктірді.

       Дөңгелек үстелдің ашылуында ҚР Энергетика министрлігі мен «PSA» ЖШС аталған іс-шараның қазақстандық машина жасаушылар үшін жаңа кәсіпорындарды дамытудың перспективалы бағыттарын айқындауда және халықаралық стандарттарға сәйкес ОЕМ-тауарлар өндірісін оқшаулауда қосымша ынталандыру болатынына сенім білдірді. Бұл барлық ағымдағы және келешек мұнай-газ жобаларында жергілікті үлесті арттыруға мүмкіндік береді.

         Дөңгелек үстелде операторлар жабдықтарды өндірушілерге қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада операторлардың қажеттіліктерімен таныстыру мақсатында ОЕМ-тауарларды оқшаулау стратегиясын ұсынды.

       Бірегей жабдықты өндірушілерді оқшаулау бойынша (OEM) дөңгелек үстел өткізу барысында бірқатар құжаттар: ҚР Энергетика министрлігі, PSA және КПО арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, ҚР Энергетика министрлігі, PSA және НКОК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, ҚР Энергетика министрлігі мен ТШО арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Өндірушілер мен операторлар арасында бірнеше негіздемелік келісімдер мен келісімшарттар жасалды.

    Өз кезегінде, Бірегей жабдықтар өндірісін оқшаулау (OEM) бойынша дөңгелек үстел қатысушылары іс-шараның тамаша ұйымдастырылуын және маңызы үлкен екенін атап өтті.

 

ҚР Энергетика министрлігінің

Баспасөз қызметі

Дата публикации
20 сентября 2019
Дата обновления
20 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы