Меню

Страницы

Статья

Ташкентте Энергетика министрлерінің 1-ші диалогы және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың энергетикалық инвестициялық форумы өткізілді

2019 ж. 20 қыркүйекте Ташкентте Энергетика министрлерінің 1-ші диалогы және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың (ОАӨЭЫ) энергетикалық инвестициялық форумы өткізілді.
Энергетикалық инвестициялық форум Орталық Азия өңірінің энергетика саласындағы негізгі оқиғасы болып табылады, ол жалпы даму үшін күш-жігерді үйлестіруге, жеке инвестицияларды тартуға және қаржыландырудағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.Форум 250-ден астам мүдделі тараптарды біріктіруге және оларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті элементтерді өзара байланыстыруға арналған.
Қазақстан Республикасы атынан осы шараға ҚР Энергетика вице-министрі М. Жөребеков қатысты. Аталған іс-шараға Әзірбайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстанның орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел басындағы Министрлер диалогында өңірдің өзара байланысты және сенімді электр энергетикалық жүйесін құру мақсатында энергетика секторыны тұрақты дамыту мәселелері талқыланды. Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың Энергетикалық стратегиясы 2030 жобасы қаралды.
Форум аясында «Энергетика секторындағы реформа – инвестиция үшін оңтайлы жағдайлар жасаудың катализаторы ретінде» тақырыбына пікірталас форматында панельдік сессия өткізілді.
Күн қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы жаңа энергетикалық жобалар туралы құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

 

Дата публикации
20 сентября 2019
Дата обновления
20 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы