Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

2019 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды.

     Еске саламыз, аталған халықаралық келісімге 2018 жылдың 29 маусымында Женевада қол қойылған болатын. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, CERN тарапынан Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымының бас директоры Фабиолла Джанотти қол қойды.
      ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пленарлық отырыстағы өз баяндамасында аталмыш Келісімді ратификациялау ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға жағдай жасайтынын және Қазақстан ғалымдарының, инженерлерінің, студенттері мен техникалық мамандарының ұзақ мерзімдік негізде CERN ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуын, сондай-ақ Тараптар өзара келісе алатын басқа да салымдарды ұсыну мүмкіншілігін қамтамасыз етудің базасын құрады деп атап өтті. Келісім ратификацияланғаннан кейін Қазақстан Non-member state, яғни CERN-ге мүше емес мемлекет мәртебесіне ие болады. Аталмыш мәртебе қазақстандық ғалымдар мен мамандарға мүшелік жарналарды төлемей-ақ CERN-нің қолданыстағы қондырғыларында тағылымдамадан өтіп, жоспарлы эксперименттер мен ғылыми зерттеулерге қатысуына мүмкіндік береді.
     CERN Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы элементар бөлшектер физикасын зерттеу саласында әлемдегі жетекші ұйым болып табылады. CERN-нің үлкен коллайдері – өзінің ауқымы мен күрделілігі бойынша бірегей инженерлік және ғылыми құрылыс. Жоғары энергиялар физикасы мен бөлшектер физикасы саласындағы табысты зерттеулерді көптеген ел ғалымдарының бірігіп күш-жігер салуымен, әлемдік ғылымның ақыл-парасатын шоғырлап қана жүргізуге болады.
     Бүгінгі күні CERN-нің кеңес құрамына мүше 23 ел бар. CERN-де тұрақты түрде 2400-ге жуық адам жұмыс істейді, оған қоса әлемнің 113 елінің 580 университеті мен институтынан 10 мыңнан астам физиктер мен инженерлер CERN-нің халықаралық эксперименттеріне қатысады.
    CERN-мен ынтымақтастық отандық ғалымдар үшін аса маңызды және оның келешегі зор, ол Қазақстанға ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруға мүмкіндік береді.
     Келісім ядролық физика, элементар бөлшектер физикасы және жоғары энергиялар физикасы, қатты дененің радиациялық физикасы бойынша іргелі зерттеулер; ядролық физика бойынша қолданбалы зерттеулер; энергетикада, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және медицинада ядролық технологияларды әзірлеу және қолдану бағыттары бойынша атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты көздейді.
     Бұған қоса, CERN ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Энергетика министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі Жол картасын әзірлеп, бірлескен бұйрығымен бекітті, бұл Жол картасында іргелі және қолданбалы зерттеулер, ядролық медицина, ядролық физика және т.б. салаларда институттардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың CERN зертханаларымен ынтымақтастығы көзделеді.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Дата публикации
26 сентября 2019
Дата обновления
26 сентября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы