Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭМ) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 Қазақстан Республикасының Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес резервіне (8 бірл.) мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығы не сотталмағандығы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
ҚР ЭМ Қоғамдық кеңесінің құрамы – 21 адамға дейін (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ішінен өкілдер – 20 адамға дейін, ҚР ЭМ өкілдері – 1 адамға дейін), Қоғамдық кеңестің резервтік құрамы – 9 адамға дейін бекітілген (1 адам резервте).
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды (2023 жылғы 27 наурыздан бастап 2023 жылғы 7 сәуірді қоса алған мерзімде сағат 18.30-ға дейін).
Қатысу үшін құжаттар мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі): Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19, «ҚазМұнайГаз» ғимараты, А блогы, электрондық пошталар: m.kunzhaksina@energo.gov.kz, b.ilimzhanov@energo.gov.kz
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-69-93, 78-69-04.