Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда ЖЭК аукционында күн генерациясына теңдесі жоқ төмен баға орнатылды

2019 жылғы 27 қарашада Қазақстанда Түркістан облысының Шәуілдір кентінің жанында орналасқан белгіленген қуаты 50 МВт құрайтын күн электр станциясын салу үшін (бұдан әрі - КЭС) инвесторды таңдау бойынша аукцион өтті. 

ҚР Энергетика министрлігінің тапсырысы бойынша осы аукцион үшін «ЖЭК секторына инвестиция тәуекелдерін төмендету» БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы шеңберінде жобаның негізгі параметрлерін сипаттайтын құжаттар пакеті әзірленді. Осы құжаттар топтамасын аукционның жеңімпазы барлық келісулермен ала алады.
Атап айтқанда:
• барлық қажетті келісулерді қоса алғанда болашақ КЭС-ті электр желілеріне қосу жөніндегі ақпарат;
• қоғамдық тыңдауларды міндетті түрде өткізумен қоршаған ортаға алдын-ала әсерді бағалау (алдын ала ҚОӘБ);
• болашақ станцияның құрылысына жер учаскесін таңдау және зерттеу дайындалып, аукцион ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ-ның сайтында жарияланды.
Түркістан облысының әкімдігі КЭС 50 МВт жобасының мақсаттары үшін Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының маңынан аукцион жеңімпазына берілетін жер учаскесін резервке қойды.
Аукционның жеңімпазының ЖЭК электр энергиясының бірыңғай сатып алушысы – «ЖЭК бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-мен 15 жылдық келісімшарт жасауға және барлық өндірілетін электр энергиясын аукциондық тарифпен сатуға құқығы бар. Тариф жыл сайын теңге ұлттық валюта айырбас бағамының өзгерісін және инфляцияны ескере отырып, индекстеуге жатады.
Аукционға Қазақстан, Германия, Италия, Қытай, Нидерланды және Ресей сияқты 6 елдің 7 компаниясы қатысты.
Сауда-саттық сессиясын жүргізу барысында шекті аукциондық баға - 29 тг/квтс 2.3 есеге төмендеді.
Аукциондық сауда-саттықтықтың жеңімпазы «Arm Wind» ЖШС болды, оның берген бағасы 12.49 тг/квтс, бұл шамамен АҚШ долларының 3,2 центін құрайды ()

Бұл тариф Қазақстанда күн энергетикасы нарығындағы рекордтық төмен тариф болып табылады. Үміттендіретін маңызды факт ол жобаның тиісті сапада және белгіленген мерзімде іске асырылуы және «Arm Wind» ЖШС компаниясының негізгі құрылтайшысы ENI (Италия) мұнай компаниясы болып табылуы.

Осы аукционның табысты нәтижесі – ҚР Энергетика министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің, «КОРЭМ» АҚ-ның, , «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-ның, «KEGOC» АҚ-ның, БҰҰ даму бағдарламасының, «Болашақ энергиясы» атты USAID Бағдарламасының, салалық қауымдастықтардың және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесі.

Аукциондық сауда-саттықты жүргізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «KazEnergy» ЗТБ, «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, БҰҰДБ, USAID, ЕҚДБ өкілдері қатысты.


Байқаушылар аукциондық сауда-саттықты өткізу бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілгенін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы «КОРЭМ» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Анықтама:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №97 бұйрығымен бекітілген Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2019 жылы:
- күн электр станциялары – 80 МВт;
- жел электр станциялары - 100 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;
- БиоЭС - 10 МВт электр станцияларының типтеріне бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт болатын аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Дата публикации
29 ноября 2019
Дата обновления
29 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы