Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы. Алматы облысында Қытай үкіметімен келісім аясында күн және жел электр станциялары салынды

2011 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы келісім шеңберінде Алматы облысында қуаты       5 МВт  жел электр станциясын және қуаты 1 МВт  күн электр станциясын салу жобалары іске асырылды.

Келісім аясында Қытай тарапы қуаты 5 МВт жел паркін және 1 МВт күн паркін салуға арналған жаңа жабдықты өтеусіз негізде берді.

Қуаты 5 МВт жел электр станциясы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Нұрлы ауылына жақын орналасқан және әрқайсысының қуаты 2,5 МВт болатын екі жел энергетикалық қондырғыдан тұрады.

Құрылыс 2018 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін жүзеге асырылды.  Электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі жылына 17 млн. кВт / сағ құрайды.

Қуаты 1 МВт күн электр станциясы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Электр энергиясын өндіру 3 608 дана поли - және монокристалды фотоэлектрлік модульдер арқылы жүзеге асырылады. Құрылыс 2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы қазанға дейін жүзеге асырылды. Электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі жылына 1,4 млн. кВт/сағ құрайды.

Бүгінгі таңда станциялар тестілік режимде жұмыс істейді. Станциялардың сақталуын «Samruk-Green Energy» ЖШС 2019 жылғы 13 маусымда ҚР Энергетика министрлігімен жасалған жауапты сақтау шарттары шеңберінде қамтамасыз етеді.

Жобалардың бас мердігері – CITIC Construction Co Ltd компаниясы Қытайдың «жасыл» энергетика саласындағы ірі мемлекеттік инвестициялық корпорацияларының бірі болып табылады.

2019 жылғы 31 қазанда ҚР Үкіметі күн энергетикасы және жел электр жабдықтарын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ға беру туралы шешім қабылдады.

«Самұрық-Энерго» АҚ - Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдингі, оның акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Ө.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ және т. б. кіреді.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Дата публикации
29 ноября 2019
Дата обновления
29 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы