Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды мемлекеттік орган қабылдаған қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14384687,
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/444485?lang=kk )