Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы. Энергетика дамуының әлемдік үрдісі туралы

Заңнамаға сәйкес Қазақстанда 10 жылдан астам имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмыс жасайды.

Имитациялық режимде жұмыс электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің шарттар жасасуын, тәуліктік графикті қалыптастыру үшін электр энергиясын өндірудің/тұтынудың жоспарланған көлемі туралы деректерді беруді жүзеге асыруды және реттеуге қатысуға өтінімдер беруді көздейді. Яғни нақты режимде жүзеге асырылуы тиіс электр энергиясының теңгерімсіздіктерін физикалық реттеудің барлық рәсімдері.

Бұл ретте имитациялық режимде «тестілеу» деген белгімен есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша төлеуге шот-фактураларды беруді қоспағанда, электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу тетіктері қолданылмайды, яғни теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін нақты ақшалай өзара есеп айырысу рәсімдері жүзеге асырылмайды.

2018 жылғы мамыр және қараша айларында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде барлық мүдделі тараптардың қатысуымен екі ауқымды кеңес өткізілді. Соның шеңберінде теңгерімдеуші нарықтың проблемалық мәселелері талқыланды. Оның жұмыс істеуін нақты уақыт режимінде 2021 жылға ауыстыру туралы бірлескен шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қабылдаған шешім шеңберінде 2019 жыл ішінде электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылар нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізу мәселелерін талқылады.

Талқылаудың логикалық аяқталуы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2019 жылғы 28 қарашада ұйымдастырып өткізген дөңгелек үстел болып табылады. Онда көтерме сауда нарығының барлық қатысушылары 2019 жыл ішінде жасалған жұмыстардың қорытындысын түйіндеді. Дөңгелек үстел отырысына Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің, БҰҰ Даму бағдарламасының және USAID сарапшылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, энергетиканы дамытудың әлемдік үдерістері туралы әңгімеледі.

Дөңгелек үстел барысында мынадай өзекті мәселелер көтерілді:

нарықтың барлық қатысушыларының іс-қимылдарын нақты регламенттеу мақсатында заңнаманы жетілдіру қажеттілігі;

электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы жаңартылатын энергия көздерінің рөлі;

электр энергиясының көтерме сауда нарығын тұтынушылардың, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың шығындары.

Дөңгелек үстел 2021 жылдан бастап нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізу қажеттілігі бойынша позицияны жақындастыруға көмектесетін платформа болды.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Дата публикации
29 ноября 2019
Дата обновления
29 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы