Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларының нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14387071,
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/443300?lang=kk )