Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт бойынша ұлттық органды тағайындау туралы» қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14445649,
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/440669?lang=kk )