Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы. АИИБ мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою

      2019 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамытуды қолдау және ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум Энергетика министрлігі мен АИИБ арасында жаңартылатын энергия көздері секторындағы ынтымақтастықты дамытуды және Министрліктің осы саладағы АИИБ инвестициялық қызметін қолдауды көздейді.

       Министрлік пен АИИБ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалардың қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін маңызы зор екенін атап өтті. Тараптар өз құзыреті мен қызмет бейіні шеңберінде Қазақстан Республикасының экономикасына АИИБ мен басқа да халықаралық қаржы институттары мен жеке инвесторларды қаржыландыруды тарту үшін Институционалдық база мен түйінді шарттарды жетілдіруде өзара ынтымақтаста болады.

       АИИБ Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларды қаржыландыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою АИИБ-нің осы жобаларға қатысуы үшін берік негіз қалыптастырады. АИИБ Инвестициялық комитеті мақұлдаған Қазақстандағы бірінші жоба Қазақстанның оңтүстігінде Жамбыл облысында қуаты 100 МВт Жаңатас жел электр станциясының құрылысы болып табылады.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
29 ноября 2019
Дата обновления
29 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы