Меню

Страницы

Статья

Баспасөз релизі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 26 қарашадағы отырысы

Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес Б. Әуетаевтың (ҚК төрағасы) төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес мынадай мәселелер қаралды:

1.         «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК және «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК қызметі туралы есеп.

«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры Э. Батырбеков орталықтың 4 негізгі бөлімі бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулері туралы баяндама жасады:

1. Атом энергетикасының физикасы және техникасы.

2. Атом энергетикасындағы ядролық, радиациялық технологиялар мен материалдар.

3. Атом энергетикасының радиациялық және экологиялық қауіпсіздігі.

4. Ядролық оқиғалар мен радиациялық авариялардың мониторинг жүйесін дамыту.

Қаржыландыру көздері және 2019 жылы: бюджет 1771,5 млн.теңгені құрады, бюджеттен тыс 6919,0 млн. теңгені құрады.

Атом энергетикасының қауіпсіздігі саласында жаңа келісімшарттар жасалды: БРЕСТ-300 жобасы (Доллежаля атын. НИКИЭТ АҚ) және SAIGA жобасы (CEA, Франция).

ИВГ,1м, РА және ИГР реакторлары, Токамак КТМ, «Ангар» және «EAGLE» стендтері сияқты тәжірибелік базалар бар.

2019 жылдың қазан айында «Байкал-1» КИР-де ВОТК-НОУ эксперименталдық екі каналының реакторлық сынақтары аяқталды, энергия бөлу сынағы: 1080 МВТ/сағ .

ИВГ. 1М реакторының жылу тасымалдағышын салқындату жүйесін құру жобасы іске асырылды, жабдық орнатылды, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды және 2019 жылғы 26 маусымда пайдалануға беру және жүйені сәтті іске қосу өтті.

2018 жылы қабылданған төрт ВОТК-НОУ гидравликалық сипаттамаларын анықтау бойынша жұмыстар орындалуда. Қабылдау бойынша барлық рәсімдер кешенін 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Ядролық физика институты» РМК директорының орынбасары Д. Боргеков ядролық физика және қатты дененің радиациялық физикасы, ядролық-физикалық талдау әдістері, ядролық және радиациялық технологиялар, медицина және өнеркәсіп үшін радиоизотопты өнімдер өндірісі, таратпау режимін қолдау және атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсету саласында өз қызметін жүзеге асыру туралы сөз сөйледі.

2019 жылғы 29-30 сәуірде аналитикалық сараптама және өндірісті бағалау жүргізілді, содан кейін 15 тамызда РФП «99мтс натрий пертехнетаты, инъекцияға арналған ерітінді» сериялық шығарылымына сәйкестік сертификаты алынды.

«ВВР-К атом реакторы базасында нейтронды активациялық талдауды дамыту және жаңғырту» және «наноқұрылымдар негізінде дәрілік препараттардың магниттік тасымалдаушыларын құру» жобалары бойынша жұмыстар орындалды.

Ядролық физика институты Clarivate Analytics халықаралық компаниясының «Ғылым көшбасшысы–Web of Science Awards» тәуелсіз сыйлығының иегері атанды.

«Геофизикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры Қ. Донбаев институт қызметі туралы баяндама жасады.

«Геофизикалық зерттеулер институты» РМК ядролық ғылым мен техника саласындағы жұмыстарды қоса алғанда, қызмет бейіні бойынша ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды геофизикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Институт құрамына 3 филиал кіреді: «Бурабай» геофизикалық обсерваториясы, «Қаскелең» геофизикалық обсерваториясы, арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы.

Қауіпсіз орналастыру және мониторинг бойынша жұмыстарды геофизикалық сүйемелдеу атом саласының аса маңызды объектісі болып табылады. Жалпы жұмыс көлемі 2019 жылы - 1 191 млн.теңге: 25% - мемлекеттік бюджет бойынша, 75% - бюджеттен тыс қаржыландыру бойынша. 10 айда жұмыс жоспарын орындау-83%. Институт шығынсыз жұмыс істейді.

Еліміздің индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ғылым мен технологияларды дамыту және іс жүзінде қолдану туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, атом энергиясына ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, жас қызметкерлерді ынталандыру және тарту, мұнай кен орындарын игеру кезінде мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

2.  Министрліктің 2019 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының стратегиялық жоспарының орындалуын талқылау.

2019 жылғы он айдағы бюджетті атқару бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті директорының орынбасары М. Махметов баяндама жасады. Қаражат Стратегиялық жоспардың 2 бағытының орындалуын қамтиды:

1.  Электр энергетикасын және атом энергиясын пайдалану саласын дамыту;

2.  Мұнай-газ және мұнай-газ-химия салаларын дамыту.

Министрлік 2019 жылы бюджет көлемі 127 млрд. 804,6 млн. теңге құрайтын 13 Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.  Ағымдағы жылдың 10 айына жоспар 95 746,4 млн. теңгені құрады, орындалуы – 95 562,6 млн. теңге немесе 99,8%. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда игеру деңгейі 0,3% - ға жоғары.

Дата публикации
29 ноября 2019
Дата обновления
29 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы