2019 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы салалық келісімге қол қою рәсімі өтті.
Әлеуметтік әріптестік тараптары:
1) уәкілетті мемлекеттік орган атынан ҚР Энергетика министрлігі;
2) жұмыс берушілер атынан, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «KAZENERGY» қауымдастығы;
3) салалық кәсіподақтар атынан қызметкерлер өкілдері: «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ мен «Химиялық, мұнайхимиялық және өндірістің туысқан салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ.
2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімде қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға, кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыруға, қауіпсіз жағдайларды және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге және т. б. бағытталған бірқатар жаңашылдықтар бар.
Салалық келісім Тараптардың еңбек құқығы нормаларынан тұратын еңбек заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауы, әсіресе әлеуметтік әріптестік қағидаттарын сақтау және еңбек құқығы нормаларын қамтитын бөліктерде; тараптардың мүдделерін құрметтеу; талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі мен қабылданатын шешімдердің жариялылығы; Тараптардың өзара міндеттерді қабылдау өкілеттілігі мен еркіндігі және олардың орындалу нақтылығы; тараптардың, олардың өкілдерінің келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді орындағаны үшін жауапкершілігі, оның іске асырылуын бақылау; әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуда мемлекеттің жәрдемдесу.
Еңбек заңнамасына сәйкес Салалық Келісім Тараптардың еңбек жағдайлары бойынша талаптарды белгілеу жөніндегі мазмұны мен міндеттемелерін айқындайтын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді қызметкерлердің салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт болып табылады.
2020-2022 жылдарға арналған салалық келісім әлеуметтік әріптестік Тараптарымен қол қойылғаннан кейін он күн мерзімінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға хабарламалық тіркеу үшін жолданады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
8 (7172) 786883
«KAZENERGY» қауымдастығы
8 (7172) 790181, 790173