Меню

Страницы

Статья

ҚР Энергетика министрлігінде азаматтарды қабылдау күні өтті

2019 ж. 21 қарашасында ҚР Энергетика министрлігінде бірінші вице-министр Махамбет Досмұхамбетов «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні – жалпы республикалық іс-шара» шеңберінде азаматтарды қабылдады.

 

Ведомство басшылығымен кездесуге үш азамат жазылды.
Кездесу барысында М. Досмұхамбетов маневрлік қуат көзін дамыту мақсатында Алматы облысында гидроэлектр станциясының каскадын салу мәселелерін қарастырды. Аталған сұрақтар бойынша өтініш берушіге «Электр энергетикасы» туралы әзірленіп жатқан Заңға енгізілетін маневрлік генерацияны қолдауға бағытталған түзетулер түсіндірілді. Осы орайда, аталған мәселе ҚР Энергетика министрлігі жанындағы жалпы электр энергетикасы бойынша ұсынымдар беретін тұрақты жұмыс тобының шеңберінде бұдан әрі қарастырылатын болады.

Барлық қатысушылар бірінші вице-министр тарапынан және министрліктің салалық құрылымдық бөлімдерінің басшыларынан білікті түсіндірмелер алды.
Сонымен қатар басқа орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне қарайтын, атап айтқанда білім, көмір өндірісі және экология салаларына қатысты сұрақтар қарастырылды, бұл сұрақтар бойынша М. Досмұхамбетов азаматтарға ұсынымдық сипаттағы түсіндірме жауаптар берді.

 

 

Дата публикации
22 ноября 2019
Дата обновления
22 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы