Хабарлама
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 759 қаулысына және «Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері үшін шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 761 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің қаулы жобасы Министрліктің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14450166