2025 жылғы 24 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

2025 жылғы 24 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті (генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім шеңберінде)  және генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті (аукциондық сауда-саттық шеңберінде) индекстеуді көздейтін нормалар қабылданды.

Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар шетел валютасында қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф жыл сайынғы индекстеуге жатады.

Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф құрылыс кезеңінде инфляция деңгейіне немесе тартылған шетел валютасындағы қарыздық қаржыландыру көлеміне (қажет болған жағдайда) жыл сайын индекстелуге жатады.

Бұл нормалар электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және тұтастай алғанда елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заң
Дата публикации
02 июля 2025