|
НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған НЫСАН |
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық жобасы |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне су қорының қозғалуы мен пайдаланылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінен «ішкі су айдындары» ұғымы алып тасталды. Осыған орай, бұйрыққа сәйкес түзетулерді енгізу қажет. |
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Бұйрықтың жобасы қолданыстағы № 151 бұйрығына «ішкі су айдындары» деген сөздерді алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жоба «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкеске келтіру мақсатында әзірленді. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық және (немесе) өзге салдарға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы етпейді. |