Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптамалық ұйымдардың қызметіне қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес, қоғамдық талқылаулар жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын, ал Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауында жатқан Парламент Палаталарынан келіп түскен Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша, сондай-ақ Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша және балама тәртіпте жүргізілген реттеушілік әсерді талдау бойынша, оларды өткізу күніне дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын олардың өткізілетін күні мен басталатын және аяқталатын уақыты туралы:
мүдделі тұлғаларды – өзінің ресми интернет-ресурсында хабарландыру беру арқылы;
уәкілетті органды, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын/Өңірлік кәсіпкерлер палатасын, мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің мүшелерін; мүдделі мемлекеттік органдарды – жазбаша хабарлама арқылы;
бұқаралық ақпарат құралдарын – баспасөз релизі арқылы хабардар етеді.
Жоғарыда баядалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2025 жылғы 4 сәуір мен 8 сәуір аралығында ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына жүргізілген реттеушілік әсерді талдау орналыстырылатынын хабарлайды.