ҚР ЭМ Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне семинар өтті

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Л.А. Қосаевамен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында «Zoom» платформасы арқылы семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, қызмет тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және қоғам тарапынан орынды сынға жол бермеу қажеттілігі атап өтілді.

 

Дата публикации
10 февраля 2025