Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілері арасында семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Л.А. Қосаевамен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілері арасында семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, қызмет тәртібін нығайту және қоғам тарапынан орынды сынға жол бермеу, сондай-ақ қазіргі кезде жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған және мүдделер қақтығысын болғызбау мен реттеу жөніндегі шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Дата публикации
17 января 2025