Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Л.А. Қосаевамен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Zoom» платформасы арқылы семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, қызмет тәртібін нығайту және қоғам тарапынан орынды сынға жол бермеу, сондай-ақ қазіргі кезде жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған және мүдделер қақтығысын болғызбау мен реттеу жөніндегі шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.