«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығына редакциялық өзгерістер енгізілді. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы алдағы кезеңге жасалады және әр үш жыл сайын жаңарып тұру қажет. Осыған байланысты «өндірілген шикі газдың көлемі» орнына «өндірілетін шикі газдың көлемі» түсінігін қолдану жөн. Сондықтан 5, 6, 8, 11, 17 және 21-тармақтарға редакциялық түзетулер енгізілді, атап айтқанда «өндірілген» деген сөз «өндіру*» деген сөзбен ауыстырылды және мұнай мен шикі газ өндіру көлемі, сондай-ақ газ факторының мәні жобалық шешімдерден шығатыны туралы ескертпелер қосылды.
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 351 бұйрығы (2020 жылғы 08 қазандағы №21377 мемлекеттік тіркеу) 2020 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.