Жоба
Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына жалпы сомасы 207 407 350 000 (екі жүз жеті миллиард төрт жүз жеті миллион үш жүз елу мың) теңгеге орналастыру бағасы 5 000 (бес мың) теңгеден 41 481 470 (қырық бір миллион төрт жүз сексен бір мың төрт жүз жетпіс) дана көлеміндегі «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының артықшылықты акцияларын бойынша «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин