Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы

Жоба «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес әзірленді.

Жоба 2020 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы Қарашығанақ кен орнының өңделген газын экспортқа өткізу кезінде «КазРосГаз» ЖШС мен «Газпром» ЖАҚ уәкілеттік берген ұйым – GAZPROM Schweiz AG арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы белгілеуді көзделеді.

 

Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы"
Дата публикации
14 сентября 2020