Республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағында пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат беру туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-III Заңының 72-бабы 6-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Sozak Oil and Gas» «Созақ Ойл энд Газ» акционерлік қоғамына және оның үлестес тұлғаларына Түркістан облысындағы Республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығының аумағында орналасқан «Аса», «Кендирлик», «Орталык», «Оппак», «Тамгалытар» және «Придорожное Южное» кен орындарында пайдалы қазбаларды (көмірсутектерді) өндіруге рұқсат етілсін, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі О. А. Бектенов