Әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық және гидродинамикалық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы

Әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық және гидродинамикалық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы

 

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 62-баптың 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Бекіту:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде гидродинамикалық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар.

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап жұмыс бес күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Энергетика Министрі

 

А. Сәтқалиев

 

Бұйрық
Дата публикации
23 апреля 2024