"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 133 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20776 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

2-тармақта:

3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.»;

2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, және «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

2-тармақта:

3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.»;

2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, және «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Мемлекеттік қызметті алушы «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға және уран өндіруге арналған келісімшарт жобасының редакциясына түзетулер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген мерзімдердің бірінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға және уран өндіруге арналған келісімшарт жобасын көрсетілетін қызметті алушыға келісімшарт редакциясын пысықтау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қайтара алады.

Мұндай пысықтау осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің шеңберінде жүзеге асырылады.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

2-тармақта:

3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.»;

2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, және «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.»;

5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Тізбенің 8-тармағының 2)-12) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы береді.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

14-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Бұйрық
Дата публикации
02 апреля 2024