«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«16) қол қою бонусының түпкілікті мөлшері – қол қою бонусының аукцион өткізу қорытындылары бойынша белгіленген мөлшері;»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық құжат форматында, ЭЦҚ-мен куәландырылған аукцион өткізуге арналған өтінішті құзыретті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша аукцион өткізуге арналған өтінішті осындай адам аукцион өткізуге арналған өтініш қабылданғанға дейін береді.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарлама Кодекстің 95-бабының 2, 2-1-тармақтарында көзделген мәліметтерден тұрады.
Қажет болған кезде құзыретті орган Бағдарламада айқындалғандарға қарағанда, жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша неғұрлым жоғары болатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
Тауарлардағы елішілік құндылықтың ең төмен міндеттемелері бойынша аукцион өткізу туралы хабарламада осы міндеттеменің мөлшері Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, аукцион нәтижелері бойынша жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленетіні көрсетіледі.»;
21, 22, 23, 24 және 25-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша құзыретті орган аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тартқан өтініш берушілердің кепілдік жарнасы ақпараттандыру объектісінде оператордың атына кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Аукцион жеңімпазының осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны ақпараттандыру объектісі арқылы хабардар етеді.
Аукцион жеңімпазының және/немесе аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарналарын олардың ақпараттандыру объектісінде оператордың атына берілген өтініштері бойынша оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне бюджетке аударады.
26-тармақ алып тасталсын;
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«27. Кепілдік жарнаны және қатысқаны үшін жарнаны өтініш берушілер төлемнің тағайындалуында қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке төлемдермен енгізеді.»;
28-тармақ алып тасталсын;
29 және 30-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«29. Аукционға қатысуға арналған өтінішке қосымша электрондық түрде ұсынылатын және ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш берушінің аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарының орындалуын қамтамасыз ету міндеттемесі;
2) өтініш берушінің Кодекстің 93-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) аукционға қатысуға арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісінше куәландырылған құжаттар.
Аукционға қатысуға арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісінше куәландырылған құжаттар деп ақпараттандыру объектісіне жүктелген, электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттардың түрі мен ақпаратын (деректерін) толық жаңғыртатын тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері (мысалы, өтініш беруші басшысының жеке куәлігінің түпнұсқасының немесе нотариалды куәландырылған көшірмесінің сканерленген көшірмесі) түсініледі;
4) өтініш берушінің аукционға қатысу жарнасын төлегені туралы мәліметтер;
5) өтініш берушінің кепілдік жарнаны төлегені туралы мәліметтер;
6) күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес өтініш беруші айқындаған кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемелер;
7) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар көрсетіле отырып, өтініш берушіні бақылау құрылымының нотариус куәландырған схемалық сипаттамасы.
Куәландыруды өтінішке қоса берілетін өтініш берушінің бақылау құрылымының схемалық сипаттамасына қол қойған өтініш берушінің бірінші басшысының қолының дұрыстығын куәландыру жолымен нотариус жүзеге асырады.
Өтініш берушінің бақылау құрылымының тиісінше куәландырылған схемалық сипаттамасы болған кезде осындай құрылымның схемалық сипаттамасындағы ақпаратты және/немесе мәліметтерді растайтын құрылтай және/немесе өзге де құжаттарды жіберу талап етілмейді;
8) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы қаражатының болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшердегі аукционға қатысуға өтініш берген күннің алдындағы күнге осындай банк шотындағы ақша қалдығы туралы үзінді көшірмені қоса бере отырып, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотының бар-жоғы және нөмірі туралы екінші деңгейдегі банктің немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның жазбаша растауы;
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыруы туралы шарт. Бұл ретте мұндай шарттың міндетті талаптары мынадай болып табылады:
тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ниеті бар жер қойнауының нақты учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру түріндегі қарыздың нысаналы мақсаты;
қарыз мөлшері хабарламада көрсетілген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті;
қарыз мерзімі Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көрсетілген барлау кезеңінің мерзімінен кем емес.
Қарыз берушіде жеткілікті ақша сомасының болуын растау үшін ақша қарызы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шартқа осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.
Егер бірнеше жер қойнауы учаскелері бойынша қарыз беруші ретінде сол бір тұлға әрекет етсе, мұндай тұлғаның ақшасының болуы жер қойнауының барлық учаскелері бойынша жұмыс көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды жиынтықта орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотында барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындау үшін қажетті ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.
Барлық қоса берілетін құжаттар құзыретті органның сайтында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның өтуі туралы хабарламаның жариялану күнінен ерте емес күнмен белгіленеді.»;
32 және 33-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«32. Қатысушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда, ақпараттандыру объектісі аукционға қатысуға арналған өтінішті тіркемейді.
36 және 37-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«36. Аукционға қатысуға арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Аукционға қатысуға арналған өтініштерді құзыретті орган қатысуға бірінші келіп түскен өтініштен бастап қатаң дәйекті тәртіппен және құзыретті органға қатысуға әрбір өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Құзыретті органға аукционға қатысуға арналған өтінішті бергеннен кейін ақпараттандыру объектісінде оны жіберген жеке немесе заңды тұлға үшін құзыретті органның өтінішті өңдеуінің ағымдағы мәртебесі көрінеді.
Қабылданған шешім туралы ақпараттандыру объектісі арқылы өтініш берушінің электрондық поштасына тиісті электрондық хабарлама жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 37-1 және 37-2-тармақтарымен толықтырылсын:
«37-1. Осы Қағидалардың 37-2 тармағының 1)-6) тармақшаларымен көзделген жағдайларды қоспағанда, егер белгіленген мерзімде берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша оның Кодекстің 96-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, құзыретті орган бұл жөнінде өтініш берушіні анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабардар етеді.
Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жоюға құқылы.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құзыретті органға өтінішті қайта жібереді. Мұндай өтініш осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім өткенге дейін, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. Осы бөлікке сәйкес қайта берілген өтініш 5 (бес) жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не жіберуден бас тартады.
Аукционды өткізу туралы хабархатта көрсетілген аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімінің аяқталуы, егер ол осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілсе, осы тармаққа сәйкес қайта өтініш беруден және оны қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
37-2. Құзыретті орган аукционға қатысуға жіберуден мынадай бір немесе бірнеше негіздер бойынша бас тартады:
1) өтініш беруші құзыретті орган көрсеткен аукционға қатысуға өтініштің анықталған сәйкессіздіктерін белгіленген мерзімде жоймаса;
2) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе;
3) өтініш бергенге дейін құзыретті орган үш жыл ішінде өтініш иесімен немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатса;
4) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш иесінің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтары жойылмаған болса;
5) бұрын өтініш иесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қою бонусын төлемеген болса;
6) өтініш иесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтары шоғырланған жағдайда, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.»;
38 және 39-тармақтар алып тасталсын;
40 және 41-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«40. Кодекстің 97-бабы 3-тармағының 4), 6) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайта өтініш беру құқығынан айырады.
43, 44 және 45-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«43. Ақпараттандыру объектісінің «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар», «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесімен, «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесімен, «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесімен, «Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар» ақпараттық жүйесімен, «Қазақстан Республикасының минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесімен және салық органдарының ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылы болған кезде, аукционға қатысуға арналған өтініште қатысушы көрсететін деректер осындай ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы растауға жатады.
50 және 51-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«50. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ және ақпараттандыру объекті беретін аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.
52-тармақ алып тасталсын;
54 және 55-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«54. Аукцион мынадай тәртіппен өткізіледі:
1) аукцион басталғанға дейін қатысушылар ұсыныс мөлшерін көрсетеді, ол аукцион басталған сәтте аукцион залында көрінетін болады. Жер қойнауы учаскесі үшін қол қою бонусының мөлшері бойынша қатысушылардың ұсыныс мөлшері шарттарды сақтай отырып жер қойнауы учаскесін сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және олардың негізінде қол қою бонусының ағымдағы мөлшері қалыптастырылады.
Ұсыныс мөлшері бір қадамға ұлғайтылған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен кем емес соманы және жер қойнауы учаскесі үшін қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің 5 (бес) еселенген сомасын артық емес соманы құрайды.
2) аукцион қол қою бонусының ең жоғары ұсынылған ағымдағы мөлшерінен басталады;
3) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 53-тармағында белгіленген аукцион қадамына басқа қатысушының қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі беріледі;
4) егер аукцион басталған сәттен бастап 10 (он) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусының осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ағымдағы мөлшерін ұлғайтпаса, онда бұл жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады;
5) егер қол қою бонусының ағымдағы мөлшері ұлғайғаннан кейін 10 (он) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін ұлғайту арқылы жер қойнауы учаскесін сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда жер қойнауы учаскесін сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушыны ақпараттандыру объектісі аукцион қорытындыларының тізілімінде тіркейді және осы жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілді деп есептеледі.
Егер аукцион аяқталған сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда объектіні сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өтті деп танылады.»;
57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«57. Аукцион қорытындыларының тізілімі негізінде қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.»;
66 және 67-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«66. Ақпараттандыру объектінде аукцион өткізуге немесе аукцион өткізу рәсіміне кедергі келтіретін техникалық іркіліс фактісі болған кезде оператор мұндай фактіні анықтағаннан кейін 60 (алпыс) минут ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді және құзыретті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және қатысушының аукционға қатысуға арналған өтінішінде көрсетілген электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы осы аукцион жалғастырылатын күні мен уақыты туралы аукционға қатысушыларды міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, техникалық іркіліс түзетілген күннен кейін аукционды келесі жұмыс күніне ауыстырады.
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.