«Энергия, озық материалдар және көлік» басым бағыты бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды өткізуге конкурс

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Энергия, озық материалдар және көлік» басым бағыты бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды өткізуге конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама мен өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіру жүзеге асыруға жауапты тұлға – Әсел Хасымқызы Исаева, телефон 8(7172)-78-97-50, электрондық мекенжайы:.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-02 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228).

Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz. сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 3 сәуірден бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 2 мамыр (қоса алғанда).

Қосымша (Конкурстық құжаттама)

Дата публикации
02 апреля 2024