«Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау тәртібін айқындайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Құзыретті орган стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) келіп түскен күннен бастан 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға алдын ала мүдделілігі немесе мүдделілігінің болмауы туралы қорытынды (еркін нысандағы) дайындау үшін сұрау салу жібереді.
Өтініш Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20776 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес беріледі.»;
8, 9, 10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға алдын ала мүдделілігі немесе мүдделілігінің болмауы туралы қорытындыны құзыретті органға жібереді.
Алдын ала мүдделілік болған жағдайда құзыретті орган мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушіден қосымша мәліметтер мен материалдар сұратуы мүмкін.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
|
А. Хасенов |