Осы Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеруге жататын тексерілетін кезеңді және тексеру парақтары талаптарының тармақтарын айқындау жөніндегі жадынама (бұдан әрі – Жадынама) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру кезінде тексеруге жататын тексерілетін кезеңді және тексеру парақтары талаптарының тармақтарын айқындау мақсатында әзірленді.