«Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы №203 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17036 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда  жазылсын:

«1.  Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық туралы есеп нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы есеп нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу,                                                        ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есеп нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есеп нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес келісімшарт талаптарының орындалуы туралы есеп нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп нысаны;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп нысаны;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес уран өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп нысаны;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес уран өндіру жөніндегі есеп нысаны;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес мұнайды және газ конденсатын өндіру және тапсыру бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мұнайды, газ конденсатын өндіру және кен орындары (ұңғымалар) бойынша игеру кезеңдері жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес мұнайды, газ конденсатын нақты ай сайынғы өндіру және тапсыру туралы есеп нысаны;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес мұнай теңгерімі бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес компанияның мұнайға бағалары бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес алушылар бойынша мұнайды және газ конденсатын өндіру, тапсыру және оның қалдықтары жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес мұнайды және газ конденсатын өндіру және тапсыру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес мұнайды және газ конденсатын экспортқа тасымалдау бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес мұнайды және газ конденсатын экспортқа («Омбы – Павлодар» құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес мұнайды және газ конденсатын экспортқа («Омбы – Павлодар» құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша жедел жоспарлар туралы есеп нысаны;

22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес терминалда мұнай қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газды өндіру бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газды нақты ай сайынғы өндіру туралы есеп нысаны;

26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газдың қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газды өндіру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін;

 

көрсетілген бұйрықпен бекітілген сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

көрсетілген бұйрықпен бекітілген қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

 

көрсетілген бұйрықпен бекітілген лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

көрсетілген бұйрықпен бекітілген келісімшарт талаптарының орындалуы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

бұйрық
Дата публикации
01 марта 2024