Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2024 жылғы I жартыжылдыққа арналған жартыжылдық тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының
3-тармағына және 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің
2024 жылғы I жартыжылдыққа арналған жартыжылдық тізімі
(бұдан әрі – Жартыжылдық тізім) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы Жартыжылдық тізімнің орындалуын қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жіберуді;
2) Жартыжылдық тізімді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Сәтқалиев