Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Кодекстің 126 - бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою (бұдан әрі – жою):
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде);
3) Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің барлығы қайтарылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережеде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Кодекстің 113-бабына сәйкес бағалау жөніндегі жұмыстарды, теңіздегі барлау жұмыстарын, жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін барлау жұмыстарының жобалары, оларға өзгерістер мен толықтырулар;
2) сынамалап пайдалану жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар;
3) көмірсутектер кен орнын игеру жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар;
4) Кодекстің 142-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, көмірсутектер кен орындарын әзірлеуге талдаулар ұсынылады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
|
А. Жамауов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі