Жоба «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы үкіметаралық келісімдерге (2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісім) сәкес әзірленді. Жоба 2020 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін экспортқа өткізу кезінде «КазРосГаз» ЖШС мен «Газпром» ЖАҚ уәкілеттік берген ұйым – GAZPROM Schweiz AG арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасын белгілеуді көздейді.