Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:
9-тармақтың 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«6) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, бұл ретте осы мерзім егер ол аяқталғанға дейін Бірыңғай сатып алушыға жіберілген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәландыратын растау берілген жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға дейін ұзартылады, ал гидроэлектр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде – осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасынан 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге талап қоюға;
7) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, бұл ретте осы мерзім егер ол аяқталғанға дейін Бірыңғай сатып алушыға жіберілген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәландыратын растау берілген жағдайда, ал гидроэлектр станциялары үшін - осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 74-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы заң) айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі берілмеген кезде – осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қаматамасыз ету сомасынан 100 %, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарынын орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің 70 % сомасы мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге талап қоюға міндетті.»;
11-тармақтың 21) және 22) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«20) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, бұл ретте осы мерзім егер ол аяқталғанға дейін Бірыңғай сатып алушыға жіберілген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәландыратын растау берілген жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға дейін ұзартылады, гидроэлектростанциялар үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынуға;
21) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, бұл ретте осы мерзім егер ол аяқталғанға дейін Бірыңғай сатып алушыға жіберілген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәландыратын растау берілген жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға дейін ұзартылады, гидроэлектростанциялар үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс ай) ішінде Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынуға;».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
«97. Осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша мынадай қолданылу мерзімімен толық немесе бөліп-бөліп орындалуын көздейді:
газ электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 50 (елу) ай;
гидро электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 61 (алпыс бір) ай.
отын ретінде пайдалы қазбаларды пайдаланбайтын генерациялайтын қондырғылар үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 38 (отыз сегіз) ай.»;
101-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«101. Осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив (тиісті қаржылық қамтамасыз ету) бойынша төлеуге қойылатын талапты бірыңғай сатып алушы мынадай жағдайларда қояды:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте газ электр станциялары үшін бұл көшірме осы Қағидалардың 104-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзім ішінде, ал гидроэлектр станциялары үшін - электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30%-ы мөлшерінде беріледі;
2) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген, генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте газ электр станциялары үшін бұл көшірме осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзім ішінде, ал гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100%-ы мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету бөлігі ұсталған жағдайда – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70%-ы мөлшерінде.»;
104-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«104. Электр қуатын сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттар мен ақпаратты ұсынады:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерациялаудың маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, бұл ретте газ электр станциялары үшін бұл көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап (жиырма төрт) ай ішінде, бұл ретте осы мерзім егер ол аяқталғанға дейін Бірыңғай сатып алушыға жіберілген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәландыратын растау берілген жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға дейін ұзартылады, ал гидро электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде;
2) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерациялаудың маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі, бұл ретте газ электр станциялары үшін осы көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, бұл ретте осы мерзім егер ол аяқталғанға дейін Бірыңғай сатып алушыға жіберілген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәландыратын растау берілген жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға дейін ұзартылады, ал гидро электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде.
Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу жобасын іске асыру процесінде электр қуатын сатып алу шартын кейіннен түзете отырып, көрсетілген жобаның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет көлемінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен ұлғаю жағына қарай да, 15 (он бес) %-ға дейін кему жағына (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен) қарай да ауытқуына жол беріледі).».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі А. Сәтқалиев