Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

 

 

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 13) тармақшасына, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «АЗИЯГАЗ ЧУНДЖА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «АЗИЯГАЗ ЧУНДЖА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) ұсынысы қабылдансын.
  2. Серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                      

 Ә. Смайылов

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
28 ноября 2023