Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЭНЕРГЕТИКА

 МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

МИНИСТЕРСТВО

ЭНЕРГЕТИКИ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

 

 

 

ПРИКАЗ

___________________№______________

 

                                    Астана қаласы                                                                                                        город Астана

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігінің

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық

және тәжірибелік-конструкторлық

жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі

ғылыми-техникалық кеңесін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 14-тармағының төртінші абзацына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесі құрылсын.
  2. Мына:
  • осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже;
  • осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесінің құрамы бекітілсін
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                                А. Сәтқалиев

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

2023 жылғы «____»__________ №_____ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы және 178-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы, «Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығы, «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесінің қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 16 қарашадағы №585 бұйрығы шеңберінде әзірленген.
  2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
  3. ҒТК консультативтік-кеңестік орган болып табылады және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына тиімді септесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында құрылады.
  4. Өз қызметінде ҒТК Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2-тарау. ҒТК негізгі міндеттері мен функциялары

 

  1. ҒТК қызметі келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

1) уәкілетті органның реттелетін салаларындағы ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын қарау;

2) Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығымен бекітілген).

  1. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, ҒТК келесі функцияларды орындайды:

1) уәкілетті органның реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларын жүргізу үшін басым салалық бағыттардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру және оны өзектендіру;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жобалары  мен бағдарламаларын және  цифрландыру жобаларын қарау және келісу;

3) орындалған ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларын әрі қарай пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

4) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларының және цифрландыру жобаларының орындалу барысы туралы аралық және (немесе) қорытынды есептерді қарау және қабылдауға ұсыну.

 

3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру

 

  1. ҒТК құрамын уәкілетті орган мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырады және оны уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
  2. ҒТК Төраға мен мүшелерден құралады. ҒТК мүшелерінің құрамына жетекші ғалымдар, уәкілетті органның реттелетін салаларындағы тәжірибелі мамандар, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің, көмірсутектер және уран саласындағы ұлттық компаниялардың, мемлекет қатысатын ұйымдардың, сондай-ақ қызметі уәкілетті органның реттелетін салаларындағы мәселелерге сәйкес келетін салалық қауымдастықтардың өкілдері кіреді.
  3. ҒТК құрамын қалыптастыру үшін уәкілетті органға кандидаттың осы Ереженің 10, 11, 12-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін растайтын мәліметтерді көрсете отырып, кандидаттың еркін нысандағы түйіндемесі жіберіледі.

Түйіндемедегі ақпараттың дұрыстығы үшін кандидатты ұсынатын ұйымдар жауапты болады.

ҒТК құрамына Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының тапсырмасы бойынша және Парламенттің ұсынысы бойынша кандидаттар енгізілуі мүмкін.

  1. ҒТК құрамына енгізілетін жетекші ғалымдар:
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болуға;

2) ғылым докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесіне ие немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысуға;

3) уәкілетті органның реттелетін салаларында кемінде 5 (бес) жылдық ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс өтіліне ие болуға тиіс.

  1. ҒТК құрамының 50% (елу пайызынан) аспайтын бөлігі тиісті салаларда кемінде 5 (бес) жылдық жұмыс өтілі бар:

1) мемлекеттік органдардың;

2) мемлекет қатысатын ұйымдардың

3) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың;

4) қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің қызметкерлерінен және (немесе) сарапшыларынан қалыптастырылады.

  1. ҒТК құрамына аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің құрылтайшылары енгізілмейді.
  2. ҒТК бекітілген құрамы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
  3. ҒТК Төрағасын ҒТК мүшелері ҒТК мүшелерінің арасынан ҒТК бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
  4. ҒТҚ Төрағасы ҒТК қызметіне басшылық жасайды, ҒТК отырыстарына төрағалық етеді, ҒТК отырыстарының күн тәртібін, өткізілетін күні мен орнын айқындайды, ҒТК отырыстарының хаттамаларына қол қояды, ҒТК шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
  5. ҒТК жұмыс органы құрылымдық бөлімше табылады (бұдан әрі – Жұмыс органы).
  6. Жұмысшы орган ҒТК қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
  • ҒТК ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде ҒТК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындайды;
  • ҒТК отырысы өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын электрондық құжат пішімінде, электрондық құжат болмаған жағдайда қағаз нұсқасында ҒТҚ мүшелеріне хаттама жобасы қосымшасымен қатар, қажетті құжаттарды (материалдарды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді (аралық және (немесе) қорытынды), ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын және цифрландыру жобаларын, алдағы ҒТК отырысы туралы хабарламаларды) жібереді;
  • осы құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыларға электрондық құжат пішімінде, электрондық құжат болмаған жағдайда қағаз нұсқасында тиісті құжаттарды жібереді;
  • Тізбені қалыптастыру және өзектендіру бойынша ұсыныстар жинайды;
  • ҒТК отырыстарына мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерін шақырады (келісу бойынша);
  • мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратады (келісу бойынша).

Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген материалдар, сондай-ақ ҒТК отырысының күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарастыруға жіберілмейді.

  1. ҒТК Жұмысшы органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салалық уәкілетті органға және ғылым саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша ҒТК жұмысы туралы ақпарат береді.
  2. ҒТК хатшысын Жұмысшы органның қызметкерлері арасынан ҒТК Төрағасы тағайындайды. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды.

ҒТҚ хатшысы ҒТК отырысына материалдар дайындауды қамтамасыз етеді, дауыстарды есептеуді жүргізеді және дауыс беру қорытындыларын шығарады, ҒТК отырысының хаттамасын ресімдейді, ҒТК отырыстары хаттамаларының (шешімдерінің) электрондық мұрағатын жүргізеді, ҒТК шешімдерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

  1. ҒТК мүшелері:
  • Уәкілетті органның реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларын жүргізу үшін басым салалық бағыттардың тізбесін қалыптастырады, сондай-ақ оны өзектендіру жөнінде ұсыныстар жібереді;
  • ҒТК отырыстарына дайындалады, атап айтқанда: материалдармен алдын ала танысады, қажетті ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады, өз қорытындыларын, ескертулері мен ұсыныстарын, қорытындылары мен ұсынымдарын дайындайды;
  • ҒТК отырыстарына жеке өздері қатысады, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша отырыстарға дауыс беруге қатысады, ҒТК Төрағасының хаттамалық тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындайды;
  • Тізбені қалыптастыру және өзектендіру бойынша ұсыныстар жолдайды;
  • құжаттарды (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің (аралық және (немесе) қорытынды), ғылыми зерттеулердің бағдарламалары мен цифрландыру жобаларының нәтижелері туралы ақпарат) қарайды, келіседі және қабылдауға ұсынымдар әзірлейді не осы құжаттарды қабылдаудан бас тартудың дәлелді негіздемесін Жұмысшы органға жібереді;
  • мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын және цифрландыру жобаларын қарау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз етеді;
  • өздері және ҒТҚ арасында мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден бас тартады, ал мұндай қақтығыс болған немесе туындаған жағдайда бұл туралы ҒТК Төрағасына дереу жазбаша түрде хабарлайды.

ҒТК үшін құжаттарды ұсынған жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ҒТК мүшесінде мүдделер қақтығысы болған кезде, сондай-ақ ҒТК мүшесі тәуелсіз сарапшы ретінде тартылған жағдайда, мұндай ҒТК мүшесі қаралып отырған құжатқа қатысты бағалауға және дауыс беруге қатыспайды.

Осы тармақта көзделген іс-әрекеттер орындалмаған кезде ҒТК Төрағасы ҒТК мүшесін ҒТК құрамынан шығаруға ұсыным жасауға құқылы.

  1. ҒТК отырыстарына уәкілетті органның келісуі бойынша байқаушылар қатыса алады. Байқаушылар рөлінде ҒТК мүшелері ретінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдар жіберіледі.

Байқаушылардың құқықтары:

1) ҒТК отырысына қатысу;

2) оның құзыретіне сәйкес жекелеген мәселелер бойынша ақпарат беру туралы ҒТҚ-ға сұрау салу.

Байқаушылардың міндеттері:

1) өзімен бірге олардың жеке басын және өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар болу қажет;

2) дауыстарды санау және ҒТК шешімдерін қабылдау рәсіміне араласпау;

3) ҒТК жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамау;

4) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілерге негіздеу;

5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын және цифрландыру жобаларын қарау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету;

6) осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын сақтау.

  1. ҒТК отырыстары қажеттілікке қарай, бірақ тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі.
  2. ҒТК отырысында мемлекеттік органдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, уәкілетті органның реттелетін салаларындағы ұлттық компаниялардың, сондай-ақ қызметі уәкілетті органның реттелетін салаларындағы мәселелерге сәйкес келетін қоғамдық бірлестіктер мен салалық қауымдастықтардың өкілдері шақырылуы және тыңдалуы мүмкін.
  3. ҒТК отырысы ҒТК мүшелерін тікелей шақыру арқылы күндізгі отырыстар түрінде өткізіледі. Қажет болған жағдайда ҒТК отырыстары ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып онлайн өткізілуі мүмкін.
  4. ҒТК ұсыныстары, ұсынымдары мен шешімдері ашық дауыс беру арқылы шешім түрінде қабылданады және егер олар үшін ҒТК қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Егер отырысқа ҒТК құрамының кемінде 2/3 бөлігі қатысса, ҒТК шешім қабылдауға құқылы.
  5. ҒТК шешімдері хаттамамен ресімделеді және оған ҒТК Төрағасы мен мүшелері және ҒТК Хатшысы қол қояды. ҒТК Хатшысы хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді. Хаттамалардың көшірмелері ҒТК мүшелеріне жіберіледі.

Отырыстың хаттамалары, ҒТК отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар, есептер, актілер уәкілетті органға беріледі және «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.

  1. ҒТК әр мүшесінің бір дауысы болады. ҒТК мүшесінің дауыс беру құқығын өзге тұлғаға, оның ішінде ҒТК басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді. Дауыстар саны тең болған жағдайда, ҒТК Төрағасы оның пайдасына дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Отырыста қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда, ҒТК мүшесі ҒТК отырысында өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол ҒТК хаттамасында көрсетіледі.

  1. Ғылыми зерттеулер жобалары мен бағдарламаларын және цифрландыру жобаларын қарау «Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Дата публикации
27 ноября 2023