Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялау және атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау жөніндегі қолданыстағы НҚА бойынша алгоритм

  1. «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша).
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Ядролық материалдармен жұмыс істеу» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 2-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша).
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 3-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша).
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің5-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі)  554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).  
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызмет» қызмет түріне лицензия алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Қызметтің қандай кіші түрлері бар ? 3. Алу үшін қандай құжаттар қажет? 4. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? 5. Лицензиялық алымды қайда төлеуге болады? Алым мөлшерлемесі?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша).
  2. Қызметтің түрлері мен кіші түрлері ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1- қосымшасында көрсетілген.
  3. Лицензия алу үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 8-тарауында көрсетілген.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні, заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша). 
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі)  554-бабының 4-тармағы).

Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлем мақсатының коды-911.

 

  1. «Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік қызметін алу үшін не істеу керек

 

Сұрақтар: 1. Қайда жүгіну керек? 2. Мемлекеттік қызметті алу үшін қандай құжаттар қажет? 3. Мемлекеттік қызметті алу мерзімі қандай? Уәкілетті органда кім аттестаттаудан өтуі керек?

Жауаптар:

  1. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына» 3-қосымша).
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

1) өтініш;

2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

3) атқаруы лауазымға жүктелетін функциялардың нақты тізбесін қамтитын жұмыс берушінің актісінің электрондық көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына» 3-қосымшаның 8-тармағы).

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күні (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына» 3-қосымша).  
  2. Уәкілетті орган:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қондырғыны тікелей басқару, ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету лауазымдық міндеттеріне кіретін мамандарды;

      2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау, ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау лауазымдық міндеттеріне кіретін ядролық қондырғы персоналын;

      3) радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау лауазымдық міндеттеріне кіретін радиациялық, электрофизикалық қондырғы персоналын аттестаттауды өткізеді.

  1. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
Дата публикации
21 ноября 2023