ҚР ЭМ Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия өнеркәсібі салаларындағы салалық кеңестің құрылатыны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығына (ҚР ӘМ 2023 ж. 12 қыркүйекте № 33405 болып тіркелді) сәйкес Кәсіптік біліктілік бойынша мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия өнеркәсібі салаларындағы салалық кеңестің (бұдан әрі - Салалық кеңес) құрылатыны туралы хабарлайды.

Салалық кеңеске мүдделі тұлғаларды қосу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жазбаша өтініш (1-қосымша)
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті салада (салада) жұмыс өтілін растайтын құжат.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Астана қ., Қабанбай батыр көш. 19, А блогы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі немесе g.usimbayeva@energo.gov.kz электрондық мекенжайы.

Дата публикации
28 сентября 2023