«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32078 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

84-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«84. Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының                         2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.»;

№4 қосымшада:

реттік нөмірі 84-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«

84

Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының                         2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.

».

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы                                   тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қорғау қызметі

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығының жобасына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа

1.

84-бап

Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №1217 қаулысымен  бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.

Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.

2023 жылғы 19 сәуірдегі №223-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2) тармақшасына сәйкес,

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді.

2.

№5 қосымшаның реттік нөмірі 8-жолы

84

Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.

84

Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.

2023 жылғы 19 сәуірдегі №223-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2) тармақшасына сәйкес,

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді.

ЖОБА

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығының жобасына түсіндірме жазба

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 19 сәуірдегі қабылданған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 19 сәірдегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 1 маусымдағы     №90-р Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің 742 тармақшасына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға алып келмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Жоғары тұрған нормативтік құқықтық актіге сәйкес келтіру.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы                        14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында             2023 жылғы 20 шілдеде орналастырылған (саны: 349000 байт).

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

                                  А. Сәтқалиев

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
21 августа 2023