Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармаларының 2020 жылдың 1 жартыжылдық қызметінің нәтижелері бойынша қысқаша ақпарат
Мемлекеттік бақылау:
Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент), мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармалары (бұдан әрі - батыс, оңтүстік басқарма) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің, сондай-ақ Батыс және Оңтүстік басқармалардың құзыретіне мыналар жатады:
-Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау;
-Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
-Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі емлекеттік бақылау;
- Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау;
- Өтініш берушілердің көмірсутегі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);
- Өтініш берушілердің газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);
- Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің сақталуын бақылау.
2020 жылдың 1 жартыжылдық кезеңінде ҚР магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында тексеру жүргізілген жоқ. Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардантыс тексеруны санында бақылау жүргізіледі. Соныменқатар, 2020 жылдың 6 айында тексерутағайындау үшін негіздер түскен жоқ.
2020 жылдың 6 айындажер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуын бақылау 10 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргізілді.
2020 жылдың 6 айында көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне сәйкес профилактикалық бақылау жүзеге асырылған жоқ.
2020 жылдың 6 айында мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне сәйкес профилактикалық бақылау жүзеге асырылған жоқ.
2020 жылдың 6 айында уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде бақылау жүргізілген жоқ.Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексеру нысанында бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, 2020 жылдың 6 айында тексеру тағайындау үшін негіздер түскен жоқ.
2020 жылдың 6 айында кезеңінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер:
- 1 мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласын жоспардан тыс тексеру.
- 11 көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзуға жол бергені үшін 30,148 млн.теңге өндірілді.
- газ және газбен жабдықтау саласында жоспардан тыс 4 тексеру, оның нәтижелері бойынша газ және газбен жабдықтау туралы заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін 3,711 млн. теңге айыппұл өндірілді.
Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау (рұқсат беру бақылауы) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес профилактикалық бақылау нысанында барып жүргізіледі.
Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында 2020 жылдың 6 айында.
- газ және газбен жабдықтау саласындағы 8 профилактикалық бақылау жүргізілді.
- көмірсутектерсаласындағы 46 профилактикалық (рұқсаттық) бақылау жүргізілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша және ұсынылған материалдар негізінде 2020 жылдың 6 айында 75 515 824 теңге көлемінде шығын өндірілді.
Мемлекеттік қызметтер:
«Көмірсутектерсаласындағы тау-кенөндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия».
Лицензиялау жер қойнауын қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2020 жылдың 6 айында: 26 лицензия және (немесе) оғанқосымшаберілді, 27 лицензия қайтаресімделді.
Лицензиялық алымдар бойынша 2020 жылдың 6 айында бюджетке 4,990739 млн.теңге түсті.
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру»:
Газды жағуға рұқсат жағылатын газ көлемін реттеу мақсатында, яғни жер қойнауын ұтымды емес пайдалануға жол бермеу үшін беріледі.
2020 жылдың 6 айында 51 рұқсат ресімделді.
«Газ желісі ұйымдарын акредиттеу»:
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу газ желісі ұйымдарын уәкілетті органның ҚР газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін деп ресми тану рәсімін жүзеге асыру.
2020 жылдың 6 айында: 4 газ желісі ұйымы аккредиттелді.
2020 жылдың 6 айында теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат берілген жоқ.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 қаңтардағы № 8-ө өкімін (бұдан әрі – МҚ туралы Өкім) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №11-р «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкімін (бұдан әрі – Жер қойнауы бойынша Өкім)іске асыру барысында нормативтік құқықтық акт (бұдан әрі – НҚА) әзірленді, және оларды бекіту мен тіркеу қамтамасыз етілді.
Жер қойнауы бойынша Өкімді іске асыру барысында келесі 3 НҚА бекітілді және тіркелді:
МҚ туралы Өкімді іске асыру барысында келесі 4 НҚА бекітілді және тіркелді:
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуына байланысты ««Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы қаулысы бекітілді.