«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
А. Сәтқалиевтің Ішкі аудит департаментінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 11-1-0/2834 қызметтік жазбасына берген тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
3 |
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесі (Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті) |
Тиімділік, сәйкестік аудиті |
Департамент қызметінің бағыттары бойынша аудит |
01.01.2022ж. - 31.03.2023ж. |
2-тоқсан |
* |
»;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
4 |
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесі (Персоналды дамыту департаменті) |
Тиімділік аудиті |
Департамент қызметінің бағыттары бойынша аудит |
01.01.2022ж. - 31.03.2023ж. |
2-тоқсан |
* |
».
Негіздеме: Ішкі аудит департаментінің директоры А. Б. Уркумбаеваның 2023 жылғы 10 мамырдағы № 11-1-0/2834-ВН қызметтік жазбасы.