Жер қойнауын пайдалану саласындағы кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған «күрделі жобалар» тетігін енгізу бөлігінде өзгерістерді іске асыру мақсатында мынадай нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді:

- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 11.06.2018 жылғы № 233 бұйрығы «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» (24.01.2023 жылы жаңартылған), http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017140;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 16.07.2021 жылғы № 232 бұйрығы «Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» (10.03.2023 жылы жаңартылған), http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023703;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 23.05.2018 жылғы № 203 бұйрығы «Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» (23.02.2023 жылы жаңартылған), http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017036.

 

Дата публикации
04 мая 2023