Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармаларының 2023 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің нәтижелері бойынша қысқаша ақпарат

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармаларының 2023 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің нәтижелері бойынша қысқаша ақпарат

 

Мемлекеттік бақылау:

Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент), Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармалары (бұдан әрі - батыс, оңтүстік басқарма) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің, сондай-ақ Батыс және Оңтүстік басқармалардың құзыретіне мыналар жатады:

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру бойынша мемлекеттік бақылау;

ҚР магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік бақылау;

көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі мемлекеттік бақылау;

газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау;

көмірсутегі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарының, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің сақталуын бақылау.

Профилактикалық бақылау:

Профилактикалық бақылау реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысымен бекітілген жыл сайын 10 желтоқсан мен 10 мамырға дейін қалыптастырылатын профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері талдау мен бағалау нәтижелері бойынша жүргізіледі.

2023 жылғы 1 тоқсандағы көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне сәйкес тексерулер жүргізілмеген.

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін бақылау саласында 2023 жылғы 1 тоқсанда профилактикалық бақылау жүргізілмеді, өйткені тәуекелді бағалау нәтижелері бойынша профилактикалық бақылауға жататын субъектілер анықталмады.

Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр, газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде және көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмеген. Осы салалар бойынша 2022 жылы тәуекел дәрежесін бағалау Өлшемшарттары бекітілген, сондай-ақ тексеру парақтары қайта бекітілген (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді).

 

2023 жылғы 1 тоқсанында:

Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында тексерулер жүргізілген жоқ;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласында жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ;

газ және газ жабдықтау саласында жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ;

көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілмеді. Бұл ретте, тексеру жүргізілместен әкімшілік істер қозғалды, олар бойынша 12 333 750 теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды және өндірілді.

Сонымен қатар, 05.11.2021 жылғы №14 тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдануға байланысты хаттаманы қарау кейінге қалдырылды. Жоғарғы соттың шешімі шыққаннан кейін әкімшілік іс қайта қаралды, оның нәтижелері бойынша әкімшілік істер қозғалды және 17 336 250 теңге өндірілді;

1 жеке тұлғадан келіп түскен өтініш негізінде лицензиаттарға қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында жоспардан тыс бару, оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталмады;

1 жеке тұлғадан келіп түскен өтініш негізінде уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жоспардан тыс бару, оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталмады.

2023 жылғы 1 тоқсанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуын бақылау жер қойнауын пайдалануға арналған 13 келісімшартқа қатысты жүргізілді.

Өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау профилактикалық бақылау нысанында Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жүргізіледі.

Өтініш берушілердің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алғанға дейін біліктілік талаптарына сәйкестігіне 2023 жылдың 1 тоқсанында көмірсутектер саласында бақылау объектісіне барумен 9 профилактикалық (рұқсат беру) бақылау жүргізілді.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша және ұсынылған материалдар негізінде 2023 жылғы 1 тоқсанда 239 588 228 теңге сомасында залал есебі жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер:

«Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия».

2023 жылғы 1 тоқсандағы: 7 лицензия және (немесе) оған қосымшалары берілді, 16 лицензия қайта ресімделді.

Лицензиялық алымдар бойынша 2023 жылғы 1 тоқсанында  бюджетке       6 047 000 теңге түсті.

 «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру»:

2023 жылғы 1 тоқсандағы 22 рұқсат ресімделді.

«Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру»

2023 жылдың 1 тоқсанында рұқсат берілмеді.

ақпарат
Дата публикации
18 апреля 2023